Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлттық теннис орталығы қандай қызмет көрсетеді?

Ұлттық теннис орталығы мыналарды ұсынады:
Корттарды жалға алу
Балалар мен ересектерге арналған топтық және жеке жаттығулар
Турнирлер өткізу
Корпоративтік бағдарламалар (шеберлік сабақтар, команда құру және т.б.)

Кортты қалай жалға алуға болады?

Мына телефондарға қоңырау шалу арқылы кортты жалға алуға болады:
+7 700 724 32 22
+7 7172 99 96 60

Топтық сабақтарға қалай жазылуға болады?

Жазылу үшін:
+7 777 362 53 82 телефоны арқылы
По ссылке: taplink

Орталықта қандай төсеніш түрлері бар?

Екі түрі бар:
Хард және грунт төсенішіндегі жабық корттар
Хард төсенішіндегі жазғы корттар

Жаттықтырушысыз кортты жалға алуға бола ма?

Иә, өзіндік ойын үшін кортты жалға ала аласыз.
Брондау үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 700 724 32 22
+7 7172 99 96 60

Орталықта ракетка мен допты жалға беру бар ма?

Иә, бізде спорттық жабдықтарды жалға алу, сондай-ақ жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға болатын дүкендер бар.

Кәсіби жаттықтырушымен жеке жаттығу өткізуге бола ма?

Әрине! Тәжірибелі жаттықтырушылар ойын техникасын жақсартуға көмектеседі.
Тіркелу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 771 046 1148 – менеджерлер сізге жаттықтырушыларды ұсынады.

Жеке жаттығуды қалай төлеуге болады?

Төлем қолма-қол ақшамен және банктік аударым арқылы мүмкін.

Теннис ойнау үшін қандай киім керек?

Біз алаңда спорттық киім мен із қалдырмайтын теннис аяқ киімін киюді сұраймыз.