Ұлттық теннис орталығының
серіктестік мүмкіндіктері

Брендіңізді Ұлттық теннис орталығының экожүйесіне таныстыруға және ілгерілетуге арналған премиум деңгейдегі спорттық алаң
  • 100K+
    Жыл сайынғы келушілер мен қонақтар саны
  • 365
    Үздіксіз жұмыс пен турнирлер өтетін күндер саны
  • 85%
    Табысы орташа деңгейден жоғары аудитория
  • 4-65 жас
    Келушілердің жас аралығы

Орталық туралы

Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы — кәсіби спортты, балаларға арналған жаттығу топтарын және жоғары деңгейдегі әуесқой теннисті біріктіретін заманауи спорт кешені.

Орталығымызда жыл сайын Davis Cup және Billie Jean King Cup секілді ірі халықаралық турнирлер өткізіледі. Бұл жарыстарға Елена Рыбакина, Александр Бублик және Александр Шевченко сияқты әлемдік деңгейдегі және қазақстандық жетекші теннисшілер қатысады.

ҰТО-ның мақсатты аудиториясы

Кәсіпкерлер мен топ-менеджерлер

Тенниспен әуесқой деңгейде айналысатын ересектер, кәсіпкерлер, топ-менеджерлер, салауатты өмір салты мен жайлылықты бағалайтын жандар

Балалар мен жасөспірімдер

Тұтынушылық талғамы мен әдеттері қалыптасып келе жатқан балалар, жасөспірімдер және болашақ чемпиондар

Отбасылар мен ата-аналар

Балаларын жаттығулар мен турнирлерге алып келіп, спорт кешенінде күн сайын 1,5–3 сағат уақыт өткізетін ата-аналар

Кәсіби спортшылар

Ұлттық және халықаралық турнирлерге қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар құрамы және спорт саласының сарапшылары

Брендіңіз — ҰТО кеңістігінің бір бөлігі

Брендіңізді аудиториясы кең спорт кешенінде кеңінен таныстырыңыз. Ұлттық теннис орталығының кеңістігін тиімді жарнамалық алаң ретінде пайдаланыңыз.

Фасадтағы жарнама

Брендіңізді Beeline Arena ғимаратының сыртқы бетіне орналастырып, орталыққа келушілердің назарын аударыңыз.

Брендтеу және медиа

Балаларын жаттығуға алып келетін отбасыларға арналған демалыс және күту аймақтарын брендтеу мүмкіндігі

Өнімдерді таныстыру және сынамаларын тарату

Өнімдерді киім ауыстыратын бөлмелерде, душ бөлмелерінде және демалыс аймақтарында орналастыру, үлгілерін тарату және сынап көруге ұсыну
Бізбен байланысу

Бізге сенім білдіреді