Ұлттық
Теннис орталығы
«BEELINE ARENA»
Біз туралы
Ұлттық теннис орталығы 1999 жылы салынған және Орталық саябақтың аумағында орналасқан. Ол «Азия ұлттық теннис орталығы» мәртебесіне ие.
Орталықта хард және грунт төсенішті 24 жабық және сыртқы корттар бар.
Теннис орталығында түрлі деңгейдегі кәсіби жаттықтырушылар жұмыс істейді.
Орталықта Дэвис кубогы, Билли Жан Кинг кубогы және ATP/WTA 250/500 сияқты ірі теннис турнирлері өтеді.
2022 жылдан бастап Beeline Arena деп аталады.
Онда кафе-бар, қалалық «Мино» кафесі, Ocean Baby сәбилер мен балалар жүзу орталығы, «Атлант» ортопедиялық және спорттық оңалту орталығы, Tennis Store және Limpopo теннис жабдықтарының дүкендері бар.
Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлттық теннис орталығы қандай қызмет көрсетеді?
Ұлттық теннис орталығы мыналарды ұсынады:
Корттарды жалға алу
Балалар мен ересектерге арналған топтық және жеке жаттығулар
Турнирлер өткізу
Корпоративтік бағдарламалар (шеберлік сабақтар, команда құру және т.б.)
Кортты қалай жалға алуға болады?
Мына телефондарға қоңырау шалу арқылы кортты жалға алуға болады:
+7 700 724 32 22
+7 7172 99 96 60
Топтық сабақтарға қалай жазылуға болады?
Жазылу үшін:
+7 777 362 53 82 телефоны арқылы
По ссылке: taplink
Орталықта қандай төсеніш түрлері бар?
Екі түрі бар:
Хард және грунт төсенішіндегі жабық корттар
Хард төсенішіндегі жазғы корттар
Жаттықтырушысыз кортты жалға алуға бола ма?
Иә, өзіндік ойын үшін кортты жалға ала аласыз.
Брондау үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 700 724 32 22
+7 7172 99 96 60
Орталықта ракетка мен допты жалға беру бар ма?
Иә, бізде спорттық жабдықтарды жалға алу, сондай-ақ жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға болатын дүкендер бар.
Кәсіби жаттықтырушымен жеке жаттығу өткізуге бола ма?
Әрине! Тәжірибелі жаттықтырушылар ойын техникасын жақсартуға көмектеседі.
Тіркелу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 771 046 1148 – менеджерлер сізге жаттықтырушыларды ұсынады.
Жеке жаттығуды қалай төлеуге болады?
Төлем қолма-қол ақшамен және банктік аударым арқылы мүмкін.
Теннис ойнау үшін қандай киім керек?
Біз алаңда спорттық киім мен із қалдырмайтын теннис аяқ киімін киюді сұраймыз.
Серіктестер
Жаңалықтар

ITF J100 Cholpon-Ata

Кубок Казахстана до 14 лет

Кубок Казахстана до 12 лет -Астана на пьедестале!



